Негізгі Жаңалықтар Қостанайда салттық қызмет көрсету орталығы ашылды

Қостанайда салттық қызмет көрсету орталығы ашылды

Қостанай қалалық Жайлаубай ата мешітінде «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының ашылу рәсімі өтті. Жаңа орталық тұрғындарға діни рәсімдерді ұйымдастыруда көмек көрсетіп, қажетті қызметтерді қолжетімді етуді көздейді.

Орталықтың жұмысы мұсылмандық дәстүрге сай салттық рәсімдерді ұйымдастыруға бағытталған. Мұнда тұрғындарға марқұмды соңғы сапарға шығарып салу кезінде қажетті көмек көрсетіліп, тиісті қызметтер ұсынылады.

Орталықтың қызметі мұнымен шектелмейді. Мұнда мұсылман зираттарын бірыңғай үлгіде ұйымдастыру мәселесіне де басымдық берілген. Бұл бағыттағы жұмыс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған арнайы құжат негізінде жүргізіледі.

Қазір Қостанай өңірінде орталықтың екі бөлімшесі бар. Олар Жайлаубай ата және облыстық орталық мешіттерінің жанында орналасқан. Екі бөлімше де тәулік бойы жұмыс істейді. Ал жергілікті әкімдіктер зираттарға арнайы жер телімдерін бөліп, бастамаға қолдау көрсетіп келеді.


Бөлісу