Негізгі Жаңалықтар Тәртіпке бағынған құл болмайды

Тәртіпке бағынған құл болмайды

Қостанайда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Черный двор» сериалының актерлерімен кездесу өтті. Оған жастар мен студенттер қатысып, құқық бұзушылықтың соңы неге әкеліп соғатыны жайында сөз қозғалды.

Құқық бұзушылықтың салдары қандай болатыны бесенеден белгілі. Қостанайда кезекті рет «Заң мен тәртіп» қағидаттары түсіндірілді. Бұл жолғы кездесу бұрынғыдан өзгеше болды. Себебі заң шеңберінен шықпауға «Черный двор» сериалының актерлері де үгіттеді. Бұл басқосуға билік өкілдері де арнайы қатысты.

Жыл басынан бері өңірде қылмыс деңгейі төмендеген. Әсіресе ауыр қылмыстар, тонау, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық қылмыс деректері азайған. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны да кеміген.

Ал кездесуге келген «Черный двор» сериалының актерлері жастарды туындыдағы кейіпкерлердің қателіктерін қайталамауға, олардың тағдырынан сабақ алуға шақырды.

Кездесуге қатысқан жастар да мұндай іс-шаралардың маңызын атап өтті. Олардың пікірінше, заң мен тәртіпті насихаттап, қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыратын осындай кездесулер жиі өткізілуі қажет.

Заң мен тәртіпті сақтау – қоғам қауіпсіздігінің басты кепілі. Жастарға ой салған бұл кездесу құқық бұзушылықтың алдын алып, жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Мамандардың айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.


Бөлісу