Сарбаздар әскерге аттанды
Міндет, абырой, ерлік! Осы ұранды ұстанған бір топ бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Бұл жолы 30 қостанайлық азамат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақкөл қаласындағы 55209 әскери бөлімі жауынгерлерінің қатарын толықтырады.
Әскердегі тәртіп пен жауапкершілік – әр сарбазға қойылатын басты талап. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанған жастар үшін бұл – маңызды өмірлік кезең Салтанатты іс-шараға жиналғандар болашақ құтқарушыларға ақ тілектерін арнап, жауапты қызметте сәттілік тіледі.