Негізгі Жаңалықтар Қостанайда жаңа үлгідегі фитнес-клуб ашылды

Қостанайда жаңа үлгідегі фитнес-клуб ашылды

Қостанай қаласы тағы бір спорттық нысанмен толықты. Жалпы құны екі млрд теңгені құрайтын спорт кешенінің аумағы үш мың шаршы метр шамасында. Мұнда заманауи жаттығу құрылғылары орнатылып, жеке және топтық сабақтарға арналған залдар жабдықталған. Жаңа нысанның іске қосылу нәтижесінде тұрақты отыз жұмыс орны ашылды.

Спорт алаңының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, жаңа фитнес орталығының іске қосылуымен жиналған қауымды құттықтады. Сонымен қатар өңірде бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Invictus go – Қазақстанда кеңінен таралған фитнес желілерінің бірі. Бүгінде бірнеше бағытта жұмыс істейді. Қаламыздағы жаңа кешеннің ерекшелігі – ауқымы мен техникалық жабдықталуында. Мұнда Италияда өндірілген кәсіби жаттығу құралдары орнатылған.

Фитнес орталығының жұмысы цифрлық қызмет көрсету жүйесімен де үйлестірілген. Келушілерге қызмет көрсету мен төлем қабылдау үдерістері арнайы платформа арқылы ұйымдастырылады. Жылдық абонемент құны 220 мың теңгені құрайды. Бұл айына шамамен 18 мың 300 теңгеден келеді. Алдағы уақытта орталық - қаладағы фитнес қызметтерінің бәсекелестігін арттыруы мүмкін. 

Бөлісу