Негізгі Жаңалықтар Қант диабетімен күрес: білім мен тәжірибе

Қант диабетімен күрес: білім мен тәжірибе

Қостанай жоғары медициналық колледжінің жатақханасында денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған «Диабет мектебі» жобасы аясында оқыту семинары өтті. Алматы қаласынан арнайы келген эндокринологтар жергілікті дәрігерлер мен медбикелерге арналған біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Басты назар – қант диабетімен ауыратын адамдарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға бағытталған.: Көшпелі оқыту циклі аясында алматылық мамандар ел өңірлерін аралап, жергілікті медицина қызметкерлерімен тәжірибе бөлісіп жүр. Бағдарламаның ерекшелігі – мамандарды пациенттерге арналған арнайы сабақтарды өз бетінше өткізуге даярлау. 

Қант диабетімен күресте әр науқасқа жеке көзқарас қажет. Аурудың ағымы, емдеу тәсілдері мен пациенттің жағдайы әртүрлі болғандықтан, дәрігерлер үшін кәсіби білімді үнемі жетілдіру маңызды. Ал өңірдегі эндокринологиялық қызметтің қазіргі ахуалы мен медициналық көмектің қолжетімділігіне қатысты мәселелерге жергілікті мамандар тоқталды. 


Бөлісу