Негізгі Жаңалықтар Шағын шаһардағы ауқымды жұмыстар

Шағын шаһардағы ауқымды жұмыстар

Арқалықта кәріз желілері 86 пайызға тозған. Алайда, ол республикалық және облыстық бюджет қаражатқа жөнделіп, 56 пайызға дейін төмендейді. Бұл туралы Әмірхан Асанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Желілерді қайта жаңғырту жобасының екінші кезеңінде тағы 35 шақырымды жаңарту көзделген. 

Арқалықтағы магистралдық желілерге байланысты басталған жобаны аяқтау үшін 6 млрд 610 млн теңге қажет. Желіні жалпы ұзындығы 8 шақырым. Алайда, биыл 4,5 шақырымы жаңарған. Қалған 3,5 шақырымы келесі жылға қалдырылды, деді, Әмірхан Асанов. Ал, жолдарға келер болсақ. 

Абаттандыру тақырыбына келсек. Үйдің қасбетін дұрыстап, шатырын жөндеп, субұрқақ ортауға, брусчатка төсеуге 2 млрдтан көп қаржы бөлінген. Бос қалған 3 ғимарат қалпына келтірілуде. Ол аяқталса, 110 отбасы қоныс тойын тойлайды. 

Қазір моноқалада барлық жағынан жұмыс қарқынды. Арқалық пен Торғайға Президенттің өзі ерекше мәні берген соң, оңтүстік аудандардың еңсесі тағы бір тіктелгендей. Енді есіл еңбектің нәтижесі қала мен маңындағы ауылдардың әлеуетін арттырмақ. 


Бөлісу