Негізгі Жаңалықтар Цифрлық технологиялар: тәжірибе мен тың бастамалар

Цифрлық технологиялар: тәжірибе мен тың бастамалар

Қараша айында цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай Қостанай хабта сала мамандарының басын қосқан кездесу ұйымдастырылды. Жиынға мемлекеттік қызмет өкілдері, IT-мамандар, сарапшылар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.


Биыл елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға айрықша басымдық берілді. Мемлекет басшысы да бұл бағытты стратегиялық міндеттердің бірі ретінде айқындап, барлық салаға заманауи технологияларды енгізуді тапсырды. Қазір мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Қостанай облысында да атқарылған істер аз емес.

Өңірдің IT-саласын дамытуға үлес қосып жүрген орталықтардың бірі – Қостанай хаб. 2023-жылдың соңында ашылған орталық бүгінде жас мамандар мен технологияға қызығатын жастардың басын қосатын алаңға айналды. 

Цифрлық технологияларды дамытуда жоғары оқу орындарының да өзіндік үлесі бар. Қостанайдағы білім ордаларында студенттерге IT бағытында білім беріліп, жаңа технологияларды меңгеруге барлық жағдай жасалған. 

Бүгінгі басқосудың басты мақсаты - тәжірибе алмасу және өзара байланысты нығайту. Кездесу нетворкинг форматында ұйымдастырылды. Яғни, 

қатысушылар пікір алмасып, саладағы жаңашылдықтарды талқылап, бір-бірімен әріптестік байланыс орнатуға мүмкіндік алды.

Тобыл өңірі цифрлық даму бағытында үздік 5 облыстың қатарында. Аймақта IT-компаниялар саны да артып келеді. Мәселен, 2022 жылы олар 318 болса, бүгінде 362-ге жеткен. Сала мамандарының орташа жалақысы да өсім көрсетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге жуық артқан. Биылғы тамыз айында бұл көрсеткіш 467 мың теңгені құрады.


Бөлісу