Заң үстемдігі – басты талап
Қала әкімдігінде ұйымдастырылған жиында Қостанай қаласының жаңа прокурорын таныстыру рәсімі өтті. Басқосу барысында құқық қорғау саласының алдағы міндеттері мен мемлекеттік саясаттағы заңдылықты сақтау мәселелері сөз болды. Жаңа басшының алдында – қаладағы құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың мүддесін қорғау және мемлекеттік органдардың жұмысын заң аясында үйлестіру міндеті тұр. Бұл ретте прокуратураның жергілікті атқарушы органдарымен және қоғаммен байланысы маңызды рөл атқарады.
Құқықтық тәртіптің орнығуы тек заң талаптарының орындалуымен шектелмейді.Ол ең алдымен мемлекеттік шешімдердің әділдігіне, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне және қоғамдағы заңға деген құрметке байланысты.
Жаңадан тағайындалған басшының кәсіби тәжірибесі мен өңірдің ерекшелігін білуі де ескеріледі. Облыс прокурорының міндетін атқарушы Бауыржан Бекбосынов жаңа басшының еңбек жолына тоқталып, оның прокуратура жүйесіндегі тәжерибесін атап өтті.
Ал тағайындаудың нәтижесі атқарылған жұмыстың нақты көрсеткіштерімен бағаланатыны анық. Азаматтардың өтінішіне жедел жауап беру, заңсыздықтардың алдын алу, құқық бұзушылықтарға тиісті құқықтық баға беру - прокуратура қызметінің басты бағыты болып қала береді.