Негізгі Жаңалықтар Қостанайдың жаңа аруы анықталды

Қостанайдың жаңа аруы анықталды

Қостанайдың жаңа аруы анықталды

Сұлулық пен өнерді ұштастырған «Қостанай аруы – 2026» байқауы мәресіне жетті. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған сайысқа жүзге жуық бойжеткен өтініш білдірген. Іріктеуден сүрінбей өткен сегіз қатысушы ақтық кезеңде бас жүлдені сарапқа салды. Көптен күткен жеңімпаз да анықталды. 

Байқауға қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Алдымен іріктеуден өтіп, аспаздық шеберліктерін көрсетті. Одан кейін өнерлерін ортаға салып, сахнада өздерін таныстырды. Ал жеңімпазға табысталатын тәж Алматы қаласында арнайы әзірленген.

Байқау қорытындысы бойынша үшінші орын «Qostanai» телеарнасының тілшісі Айжан Қаламбаеваға бұйырды. Екінші орынды Дана Ибарева иеленді. Ал «Қостанай аруы – 2026» атағы 10-сынып оқушысы Ақжан Әмірхановаға берілді. 

Бөлісу