Негізгі Жаңалықтар Қаңырап тұрған ғимараттарға қатысты талап күшейтілді

Қаңырап тұрған ғимараттарға қатысты талап күшейтілді

Облыста қараусыз қалған және иесіз ғимараттарға қатысты талап күшейтілді. Енді әр нысан бойынша нақты іс-қимыл жоспары жасалып, жауапты тұлғалар бекітіледі. Басты мақсат – ұзақ уақыт бойы күтімсіз қалған ғимараттардың мәселесін жүйелі түрде шешу.

Бағдарлама аясында жергілікті атқарушы органдарға қараусыз қалған ғимараттарды анықтап, қажетті құжаттарды рәсімдеу тапсырылды. Заңға сәйкес, иесіз нысан алдымен есепке қойылады. Егер бір жыл ішінде оның иесі табылмаса, құжаттар сотқа жолданады. Ал иесі анықталған жағдайда, ғимаратты ретке келтіру талап етіледі. Заңды негіздер болған кезде апатты деп танылған нысандар бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар, әр ғимарат бойынша қабылданатын шаралар мен орындалу мерзімі бекітіліп, жұмысты созған жауапты тұлғалар жеке жауапкершілікке тартылады.



Бөлісу