Азық-түлік бағасы қалай өзгерді?
Соңғы үш жылда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кейбір түрі қымбаттаған. Әсіресе картоп, пияз, сәбіз бағасы өскен. Ал қырыққабат, керісінше, арзандаған. Мамандар мұны бірнеше фактордың әсерімен байланыстырады. Бағадағы өзгерістердің себебін әріптесім тарқатады
Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 31 өнім түрі кіреді. Соңғы үш жылда олардың кейбірінің бағасы айтарлықтай өскен. Картоп пен пияз 18 пайызға, ал сәбіз 15 пайызға қымбаттаған. Бағаның өсуіне маусымаралық кезең, электр энергиясы тарифі мен тасымал шығындары әсер етеді. Бағаны тұрақтандыру үшін форвардтық сатып алу тетігі қолданылып, делдалдарды болдырмауға күш салынуда.
2023 жылдан бері бағасы өскен тауарлардың қатарында жылқы, сиыр және қой еті де бар. Ал тауық етінің арзандағанын байқауға болады. Сүт өнімдерінің ішінде сүт пен сүзбе 11 пайызға, айран 15 пайызға, сары май 29 пайызға қымбаттаған. Бұған жем-шөп пен шикізат құны сияқты факторлар әсер еткен.
Қыс пен көктемде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін алдын ала форвардтық сатып алулар жүргізіледі. Қазір 4 мың тонна картоп, 945 тонна сәбіз, 1 мың тонна қырыққабат және 650 тонна пияз жеткізуге келісімшарт жасалған. Бұл көлем маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыруға жеткілікті. Өнім тұрақтандыру қоры арқылы тікелей өндірушілерден тұтынушыларға жеткізіледі. Ал биыл
Ал жыл басынан бері 8 түрлі тауардың бағасы төмендеген. Атап айтқанда, күріш, тауық еті, балық, алма, қант, қияр, қызанақ пен пияз арзандаған. Жалпы азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктеріне 5,4 миллиард теңге бөлінген. Қазір тұрақтандыру қорында 17 түрлі өнімнің 14,3 мың тонна қоры жинақталған. Бұл маусымаралық кезеңде бағаны тұрақты ұстап жеткілікті.