Негізгі Жаңалықтар Өңірде Жолдау басымдықтары түсіндірілді

Өңірде Жолдау басымдықтары түсіндірілді

Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері Қостанай облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Өңірдегі өндіріс орындарының еңбек ұжымдарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарға тоқталды. Атап айтқанда, өнеркәсіпті дамыту, ауқымды құрылыс жұмыстарын отандық өніммен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері сөз болды. Жиында ел дамуының алдағы міндеттері мен оларды жүзеге асыру жолдары түсіндірілді.

Өңірге келген делегация өкілдері бірнеше өндіріс орнының жұмысымен танысты. Кездесулерде Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттар түсіндірілді. Сондай-ақ ел дамуына қатысты міндеттерді өңірде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.


Жолдауда өңдеу өнеркәсібін дамытуға айрықша мән берілген. Мемлекет басшысы өндірістегі жергілікті қамту үлесін арттырып, құны жоғары өнім көлемін арттыруды тапсырды. Экспорт көлемін ұлғайту да – негізгі міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылы ерекше қарқын алмақ. Әсіресе құрылыс саласына қажетті материалдарды отандық кәсіпорындардан жеткізу көзделіп отыр.


Өндіріс ұжымдарымен қорытынды кездесу Allur зауытында ұйымдастырылды. Жиында өнеркәсіпті өркендету, көлік-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру мәселелері сөз болды. Делегация мүшелері осы бағыттар бойынша алда тұрған міндеттерді түсіндіріп, олардың ел экономикасы үшін маңызын атап өтті.



Бөлісу