Медицина саласы: кадр тапшылығы қысқарды
Облыста терапевт, жалпы хирург, акушер-гинеколог, офтальмолог, эпидемиолог тапшы. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары хабарлады. Десе де ведомствода жыл басынан бері кадр тапшылығы 107 дәрігер мен 164 орта медицина қызметкеріне дейін қысқарған.
Ақ халатын киіп, жұмысқа кіріскен бұл дәрігердің есімі - Сандуғаш Өсербаева. Ол биыл тамыз айында елордадан Қостанай қаласына жұмысқа ауысты. Астанада жинаған кәсіби тәжірибесін енді №2 қалалық емханаға тіркелген жандардың денсаулығын жақсартуға бағыттап отыр. Білікті эндокринолог жаңа ортада еңбек жолын жалғастырып, қалалық медициналық қызметтің дамуына өз үлесін қосуда. Айта кетейік, эндокринолог дәрігер жақында резидентураны тәмамдаған.
Биылғы жолдауында мемлекет басшысы 77 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру міндетін жүктеді. Бұл сөзсіз, мамандардың мүмкіндігін кеңейтуге, кадр жетіспеушілігін жоюға септігін тигізбей қоймайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасын ДДҰ басшысы да қолдады.
Жыл басынан бері облысқа 169 дәрігер келген. Оның 87-сі биыл ғана медициналық оқу орындарын аяқтаған жас мамандар. Қалған 82-сі еліміздің басқа да өңірлерінен тартылса, облыстан басқа қалаға 72 дәрігер жұмыс ауыстырған.