Негізгі Жаңалықтар Мектеп ауласындағы жеміс бағы

Мектеп ауласындағы жеміс бағы

Мектеп ауласындағы жеміс бағы

Бүгін егілген ағаш – ертеңгі ұрпаққа қалатын аманат. Табиғатты қорғау мен туған жерді көркейтуге бағытталған мұндай бастамалардың тәрбиелік мәні зор. Қостанайда мектеп аулаларын жасыл желекке айналдыруға арналған жоба жалғасып, тағы бір білім ордасында жеміс бағының негізі қаланды.


Бұл жолы алма көшеттері №32 мектептің ауласына отырғызылды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы білім беру ұйымдарының аумағын көгалдандыруды көздейді. Сонымен қатар балалардың бойына табиғатқа жанашырлық пен туған жерге деген сүйіспеншілікті сіңіруге бағытталған.

Бөлісу