Негізгі Жаңалықтар Өрт сөндіруші – өмір сақшысы

Өрт сөндіруші – өмір сақшысы

Өртпен күрес – тек батылдықты емес, кәсіби дайындық пен шұғыл шешім қабылдай білуді талап ететін жауапты мамандық. Меңдіқара ауданындағы Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжде биыл жаңа мамандық ашылды. Енді мұнда болашақ өрт сөндірушілер даярланады. Алғашқы қабылдауға 25 студент түскен. Болашақ өрт сөндірушілер қандай білім алып, қандай дағдыларды меңгеріп жатыр? 

Өңірдің орманды алқаптары мен елді мекендеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білікті мамандар қажет. Осы сұранысты ескерген колледж Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жаңа мамандық ашты. Алғашқы оқу тобына облыстың әр ауданынан жастар қабылданған. 

Мұндағы білім тек дәріс тыңдаумен шектелмейді. Болашақ мамандар өрт сөндірушінің арнайы киімін киюден бастап, кәсіби құрал-жабдықтарды қолдануға дейінгі машықтарды меңгереді. Әр қимылдың дәлдігі мен жылдамдығы маңызды. 


Өрт сөндіруші болуды бала кезінен армандаған Есмет Бақытжан бүгінде сол мақсатына бір қадам жақындады. Жас студент жаңа мамандықты саналы түрде таңдаған. Алдағы уақытта оқуын 

Колледжде студенттердің кәсіби даярлығымен қатар, тұрмыстық жағдайына да мән беріледі. Өзге елді мекендерден келген жастар жатақханамен қамтамасыз етілген. Мұнда жайлы тұрмысқа қажетті жағдай жасалып, төлемақысы да қолжетімді деңгейде белгіленген. 

Әзірге жаңа мамандық бойынша білім орыс тілінде беріледі. Алайда колледж алдағы уақытта қазақ тіліндегі оқу тобын ашуды да көздеп отыр. Осылайша, жаңа бағытты дамытуға және болашақ мамандарды даярлау мүмкіндігін кеңейтуге ниетті. 

Әзірге бұл – жаңа бағыттың алғашқы қадамы. Алдағы уақытта колледж қабырғасында алған білімін тәжірибемен ұштастырған жастар өңірдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қоспақ. Өйткені олардың таңдаған жолы – тек мамандық емес, адам өміріне араша түсуге бастайтын жауапты 


Бөлісу