Негізгі Жаңалықтар Тіл – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Тіл – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Тіл – ұлт пен ұлысты жақындастыратын алтын көпір. Оны үйрену үшін тек ниет пен талпыныс болса жеткілікті. Сарыкөл ауданында мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, өзгелерге де үйретіп жүрген жандар аз емес. 

Бұл – тіл жанашыры Алена Блинова. Ол Сарыкөл ауданының Борвинов ауылындағы мектепте қазақ тілінен сабақ береді. Ұстаз түрлі этнос өкілдерінен құралған сынып оқушыларына мемлекеттік тілді үйретіп, білім шырағын жандырып жүр.

Ауданда қазақ тілін үйренуге ниетті жандарға арналған орталық та жұмыс істейді. Мұнда түрлі сала мамандары тілдік білімдерін жетілдіріп, қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Есбол Ғабитұлының алғашқы шәкірттерінің бірі – Алина Дмитровская. Урицкий мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы қазақ тілін қызығушылықпен меңгеруднее. Оның білімі өзіне тың мүмкіндіктер ұсынып жүр. Болашақта дипломат болуды армандайды.

Айта кетейсек, Сарыкөл ауданында мемлекеттік қызметшілер, мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері де қазақ тілін ерекше ынтамен үйренеді. 


Бөлісу