Негізгі Жаңалықтар Тазалыққа бақылау күшейді

Тазалыққа бақылау күшейді

Қостанай облысында қоқысты белгіленбеген орындарға тастағаны үшін 12 мыңнан астам тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биылдың өзінде 4 мың 668 адамға қатысты шара қолданылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт еседей көп. Мамандардың айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бақылау және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Тұрғындарға санитарлық тазалық талаптарын сақтау қажеттігі ескертілуде. 


Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – ортақ міндет. Алайда өңірде тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге тастау деректері әлі де тіркеліп отыр.Полиция департаментінің мәліметінше, Қостанай облысында қоқыс тастауға қатысты құқық бұзушылықтар үшін 12 мың 302 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1 мың 209 адамды құраған. Құқық бұзушылардың басым бөлігіне әкімшілік ескерту жасалған.«Таза Қазақстан» бастамасы аясында өңір полицейлері экологиялық мәдениетті қалыптастыру және абаттандыру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Әсіресе аулаларда, көшелерде, саябақтар мен өзге де қоғамдық орындарда тазалық сақтау мәселесіне басымдық берілген. Тәртіп сақшылары тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға тастау қажеттігін ескертеді.


Бөлісу