Негізгі Жаңалықтар Тұмауға қарсы тосқауыл – екпе

Тұмауға қарсы тосқауыл – екпе

Күз бен қыстың ауысар тұсында тұмау жұқтыру қаупі артады. Әсіресе ауа райының құбылуы, адам көп шоғырланған ортада жүру вирустың таралуына қолайлы жағдай туғызады. Ауру кей жағдайда асқынып, өкпе қабынуы секілді күрделі дертке әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Сондықтан мамандар сырқаттың алдын алуға қазірден көңіл бөлуге шақырады. Оның ішінде вакцинацияның орны ерекше. 

Қаладағы емханаларда тұмауға қарсы екпе салу жұмыстары жалғасып жатыр. Ақ халаттылардың айтуынша, вакцина ең алдымен ауру жұқтыру қаупі жоғары азаматтар үшін маңызды. Еліміз бойынша 22-28 қазан аралығында 74 689 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл өткен эпидемиологиялық маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44%-ға, ал алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 есе аз. 

Қазақстан бойынша да вакцинациялау науқаны қарқын алған. Денсаулық сақтау министрлігінің 30 қазандағы мәліметіне сүйенсек, ел көлемінде 1 миллион 670 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе алған. Бұл вакцинациялауға жататын азаматтардың 75,3 пайызы. Биыл халықты иммундау үшін 2,2 миллион доза вакцина сатып алынған. 



Бөлісу