10 мың қорап темекі тәркіленді.
«Қайрақ» бекетінде 10 мың қорап темекі тәркіленді. Өнімнің нарықтық құны 10 млн 600 мың теңгеге бағаланған.
Заңсыз жүк 26 қыркүйекте анықталды. Шекаралық бақылау кезінде елге кіру бағытында келе жатқан көлік тексерілген. Нәтижесінде бес түрлі атаудағы акцизсіз 1000 блок темекі табылды. Заңсыз өнімді ел аумағына кіргізбек болған әрекетті Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті мен ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері бірлесіп тоқтатты. Еске салайық, Қазақстан заңнамасына сәйкес, темекі өнімдерін әкелу және айналымға шығару үшін тиісті құжаттар рәсімделуі міндетті. Атап айтқанда, тауарды әкелу туралы хабарлама мен қабылдау-тапсыру актісі болуы қажет. Бұл талаптарды сақтамаған жағдайда өнімді тасымалдауға және өткізуге заңмен тыйым салынады.