Оңтүстік ауданның даму қарқыны
Ауданның дамуы – ауылдың өркендеуі мен тұрғындардың тұрмыс сапасынан көрінеді. Амангелді ауданында биылғы тоғыз айда бірқатар салада оң нәтижелерге қол жеткізілді. Әсіресе ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй құрылысы бағытында өсім бар. Дегенмен экономиканың өзге бағыттарында шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі мен даму жоспарларын тілшіміз тарқатады.
Аудан экономикасының негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы. Тоғыз айда бұл салада 20,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Егін жинау науқаны да аяқталып, диқандар биыл мол өнім алды. Мал шаруашылығында да өсім бар. Ал шағын және орта бизнес аудан экономикасына үлес қосып келеді.
Ауданда абаттандыру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 1500 түп ағаш отырғызылып, жеті балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Көшелер жарықтандырылып, заңсыз қоқыс орындары тазартылды. Бұл бастамаларға жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары да үлес қосып, демеушілік есебінен 68 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Алдағы уақытта аудан басшылығы ауыл шаруашылығын
дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға басымдық бермек.