Негізгі Жаңалықтар Болашақ прокурорлар клубы ашылды

Болашақ прокурорлар клубы ашылды

Амангелді ауданында жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Заң мен тәртіп алаңы» жобасы жалғасуда. Жоба аясында прокуратура органдарының ардагері Жақсылық Құрманалинов атындағы болашақ прокурорлар клубы ашылды. 

Форумға 9–11-сынып оқушылары, педагогтер, мектеп директорлары және прокуратура органдарының ардагерлері қатысты. Клубқа ардагер есімінің берілуі – оның еңбегіне көрсетілген құрмет әрі ұрпақтар сабақтастығының символы. Жақсылық Құрманалинов ғұмырының 30 жылға жуығын заңға қызмет етуге арнаған. Клуб жұмысы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға, жауапкершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытталған.


Бөлісу