Негізгі Жаңалықтар Балалар арманы орындалған күн

Балалар арманы орындалған күн

25 қазан – Республика күніне орай Л. Н. Толстой атындағы облыстық кітапхана қабырғасында «Бабалар арманы орындалған күн» атты кітап көрмесі ашылды. Экспозицияда қазақ халқының қалыптасу тарихы, ел басынан өткен маңызды кезеңдер мен тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы әдебиеттер ұсынылған. Көрменің мақсаты – оқырмандарға ұлт тарихын тереңірек таныстырып, елдіктің қалыптасу жолы мен азаттықтың қадірін ұғындыру.

Кітапхана мамандарының айтуынша, көрмедегі әдебиеттер оқырмандардың сұранысына қарай іріктелген. Мұнда тарихқа қызығатын жастар да, өз білімін толықтырғысы келетін ересек оқырмандар да пайдалы мәлімет таба алады. Ұсынылған еңбектер ел шежіресін танып-білуге жол ашып, тарихи сананы қалыптастыруға үлес қосады.

Бөлісу