Ы. Алтынсарин еңбегі қайта жарық көрді
Ыбырай Алтынсариннің «Шариғатул Ислам» кітабы қайта басылып шықты. Рухани мұраның жарық көруіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұрындық болған. Кітаптың тұсаукесері Арқалық қаласында өтті. Оған еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Шариғатул Ислам» кітабы қайта басылып шықты. Ал бұл еңбектің алғашқы түпнұсқасы Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде сақтаулы. Кітап 1884 жылы Қазан қаласында араб тілінде 2 мың данамен жарық көрген. Қазір оның түпнұсқасы музейде сақталған жалғыз дана ретінде құнды жәдігер саналады. Енді тарихи еңбек қайта басылып, оқырманға жол тартты.
Ғалымдардың айтуынша, Ыбырайдың еңбегі төрт баптан тұрады. Еңбекте иман туралы, намаз дұғалары мен адамгершілік мәселелері қарапайым халыққа түсінікті тілде баяндалған.Кітаптың тұсаукесері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай ұйымдастырылған «Дәстүрлі ислам және «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының маңызы мен тағылымы» атты республикалық-танымдық конференция аясында өтті. Жиынға ғалымдар мен діни қызметкерлер қатысты. Олар Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, кітапта көтерілген маңызды мәселелерді талқылады.