Тасқынға қарсы дайындық күшейтілді
Өткен жылы Қарасу ауданында көктемгі су тасқынының салдарын жою және оның алдын алу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мол су ағыны арнайы канал арқылы өткізілді. Ал биыл елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін төтенше жағдайлар қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмыс істеді.
2024 жылғы көктемгі су тасқыны Қарасу ауданы үшін үлкен сынақ болды. Аудан орталығынан небәрі алты шақырым жерде жиналған мол су елді мекенге қауіп төндірді. Қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру үшін суды Құндызды өзеніне бағыттайтын жасанды арна салу туралы шешім қабылданды. Жоба бірнеше айда жүзеге асырылып, тасқын су арнайы канал арқылы өткізілді.
Ауданда ендігі міндет – төтенше жағдайдың салдарын жоюмен қатар, осындай оқыс оқиғалардың қайталануына жол бермеу. Облыстағы 39 елді мекеннің 16-сы су басу қаупі жоғары аймақта орналасқан. Сондықтан көктемгі кезеңде қауіптің алдын алу шаралары күшейтіліп, жауапты қызметтердің өзара іс-қимылына ерекше мән берілуде.
Қауіпті аумақтардағы жағдайды бақылауда ұстау, қорғаныс нысандарының жай-күйін тексеру және тиісті шараларды уақытылы қабылдау – өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Осы мақсаттағы міндеттер алдағы уақытта да жалғасатынын айтты аудан әкімі.