Негізгі Жаңалықтар Мектептегі сәлемдесу әдебі

Мектептегі сәлемдесу әдебі

Қазақстанда мектеп оқушыларының сәлемдесу әдебіне қатысты ұсынымдар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғалымдардан, сарапшылардан және азаматтық қоғам өкілдерінен құралған жұмыс тобын жасақтаған. Топ оқушылардың сәлемдесу әдебіне қатысты ұстанымдарды айқындайтын әдістемелік ұсынымдар әзірлейді. Құжатты дайындау барысында білім беру үдерісіне қатысушылардың, мүдделі тараптардың және мемлекеттік органдардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріледі. Сонымен қатар, ұсынымдар депутаттармен қосымша талқыланады. Министр жауабында атап өтілгендей, оқушылар арасында сәлемдесу мәдениетін қалыптастыру ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерді дәріптеу, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, сондай-ақ өзара сыйластық пен әдептілікті нығайту тұрғысынан маңызды.


Бөлісу