Негізгі Жаңалықтар 45 мемлекеттік қызмет онлайн қолжетімді

45 мемлекеттік қызмет онлайн қолжетімді

Елімізде әлеуметтік қолдау алу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің 91,8 пайызы электронды форматқа көшірілген. Енді азаматтар 49 мемлекеттік қызметтің 45-ін интернет арқылы ала алады.

Министрлік проактивті қызмет көрсету тетігін де дамытып келеді. Бұл форматта мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде тиісті қолдау шараларын алуы мүмкін азаматтар анықталады. Оларға қызметті пайдалану мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.

Мұндай тәсіл азаматтарға өз құқықтары мен мүмкіндіктерін білуге, қажетті қызметті рәсімдеу жолын жеңілдетуге көмектеседі. Яғни адам өзіне тиесілі әлеуметтік қолдау туралы ақпарат алу үшін міндетті түрде мемлекеттік органға барып, арнайы өтініш беруге тиіс емес. Қызметті рәсімдеу тәртібі оның түрі мен белгіленген талаптарына байланысты болады. Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың басты мақсаты — азаматтарға қажетті көмекті қолжетімді ету, артық әуре-сарсаңды азайту және қызмет алу үдерісін жеңілдету.


Бөлісу