Мемлекеттік тіл – жаңа мүмкіндіктерге жол.
Қостанай телеарнасындағы «Біздің бағыт» жобасы жалғасуда. Түсірілім тобы облыс аудандары мен мекемелерін аралап, мемлекеттік тілді меңгеріп, бүгінде оның игілігін көріп жүрген жандарды таныстырады. Жаңа шығарылымды бейсенбі, сағат 18:20-да көре аласыздар. Бұл жолы кейіпкер кім болмақ? Келесі бейнематериалда білеміз.
Тіл жанашырынан өңірдегі беделді оқу орындарының басшысына дейін. Өзбек этносының өкілі Рихсибай Мамедов бүгінде алты тілді меңгерген. Оның айтуынша, тіл білу — жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, білім мен кәсіби дамуға бастайтын маңызды құрал.
Бүгінде ол қоғамдық келісімді нығайту бағытында түрлі бастамаларды қолға алып жүр. Соның ішінде қазақ тілі өзіне тегін білім алуға мүмкіндік бергенін ерекше ықыласпен еске алып, дәл осындай мүмкіндіктерді өңірдің шалғай ауылдарынан келген түлектерге ұсынады.
Біздің бағытымыз – мемлекеттік тілде сөйлейтін орта қалыптастыру. Осы мақсатта жоба барысында түрлі сала өкілдерін көрсететміз. Егер Рихсибай Мамедовпен жақынырақ танысып, мемлекеттік тілді меңгеру оның өмір жолында қандай мүмкіндіктерге жол ашқанын білгіңіз келсе, осы бейсенбі, сағат 18:20-да «Қостанай» телеарнасы қосулы болсын.