Негізгі Жаңалықтар ЖРВИ: дәрігерлер сақтыққа шақырады

ЖРВИ: дәрігерлер сақтыққа шақырады

Жедел респираторлық вирустық инфекция бойынша осы аптада 6 мыңға жуық жағдай тіркелген. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі хабарлады. Мамандардың айтуынша, вирустық инфекцияның алдын алу үшін қарапайым сақтық шараларын сақтау маңызды.

Қостанайда күз-қыс маусымына тән жедел респираторлық вирустық инфекциялардың таралу кезеңі басталды. Осыған байланысты сырқаттанушылар саны да артып отыр. Бұл жыл сайын қайталанатын маусымдық кезең болғанымен, дәрігерлер әсіресе ата-аналарға сақтық шараларына мән беруге кеңес береді.

Мамандардың айтуынша, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда бірден медициналық көмекке жүгінген жөн. Әсіресе дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауыруы және әлсіздік сияқты белгілерге бейжай қарауға болмайды.

ЖРВИ-дің алдын алу үшін қолды жиі жуу, 

бөлмені желдету, адам көп жиналатын орындарда сақтық таныту және науқас адаммен жақын қарым-қатынасты шектеу ұсынылады. Мамандар маусымдық инфекциялар кезеңінде қарапайым профилактикалық шараларды сақтаудың маңызы зор екенін ескертеді.


Бөлісу