Негізгі Жаңалықтар Өнеркәсіп саласы цифрландырылып келеді

Өнеркәсіп саласы цифрландырылып келеді

Өнеркәсіп саласы цифрландырлуда .Бұл туралы өңірімізге арнайы іссапармен келген ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі мәлімдеді. Жалпы, бүгінде еліміздегі мұнай-газ, алтын, темір сынды пайдалы қазбаларды өндіру саласына арналған арнайы платформа іске қосылып, 22 мемлекеттік қызмет цифрландырылған. Бұдан бөлек, өнеркәсіп саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселесі де қарастырылып жатыр.

Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың нақты орналасқан аймағын анықтау үшін заманауи технологиялар қажет. Қазір бұл құрылғыларға жасанды интеллектіні енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Өңірге арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Дархан Мырзабаевтың айтуынша, бұл – әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып келе жатқан тәсіл. 

Сонымен қатар құрылыс саласын цифрландыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Қазір нысанды жобалау кезеңінен бастап, құрылыс жұмыстарын жүргізу және оны пайдалануға беру үдерісіне дейінгі негізгі кезеңдер цифрлық жүйеге көшірілген. Бұл, ең алдымен, құрылыс барысын тиімді бақылауға, құжат айналымын жеңілдетуге және жұмыстың ашықтығын арттыруға 

мүмкіндік береді. 

Кездесуде өңір кәсіпкерлері цифрландыруға қатысты өзекті мәселелерді де көтерді. Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкер Андрей Ёлкин отандық цифрлық өнім әзірлеушілерге мемлекеттік қолдау көрсетіле ме деген сауал қойды. 


Бөлісу