Негізгі Жаңалықтар Шалғай ауылдарда ұялы байланыс күшейеді

Шалғай ауылдарда ұялы байланыс күшейеді

Шалғай елді мекендерді мобильді байланыспен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бағытта 4G желісін кеңейтуге және талшықты-оптикалық инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілген. Осы ретте 2028- жылға дейін өңірдегі 475 ауылдың байланыс мәселесін шешу жоспарланып отыр.

Цифрлық инфрақұрылымның дамуы – ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайтудың бір жолы. Әсіресе халқы аз әрі аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерде бұл мәселе өзекті.

Бұл бағыттағы жұмыстар байланыс операторларымен бірлесіп жүзеге асып келеді. 2023 жылы тараптар арасында арнайы меморандум жасалып, соның аясында 44 елді мекенге базалық станциялар орнатылды. Жобаларды жалғастыру үшін 2024 жылы облыстық бюджеттен 1 миллиард 100 миллион теңге бөлінді.

Жауапты мамандардың айтуынша, алдағы кезеңде басты назар байланыс инфрақұрылымы әлі де әлсіз елді мекендерге аударылады. Осылайша шалғай ауыл тұрғындары үшін цифрлық қызметтерге 

қолжетімділікті арттыру көзделіп отыр.


Бөлісу