Негізгі Жаңалықтар Әскерге шақыру: жаңа тәртіп, жаңа мүмкіндік

Әскерге шақыру: жаңа тәртіп, жаңа мүмкіндік

Әскерге шақыру – ел қорғанысын толықтыратын маңызды науқан. Қостанайда көктемгі шақырудың қорытындысы шығарылып, күзгі науқан басталды. Биыл бұл іске қорғаныс істері жөніндегі басқарма, полиция, медицина мамандары мен қала әкімдігі жұмыла атсалысты. Әскери қызметтен жалтарған азаматтарды анықтау, шақыру үдерісін цифрландыру және жастарға әскери қызметтің маңызын түсіндіру жұмыстарына басымдық берілді. 

Қостанайдағы көктемгі әскерге шақыру науқаны жоспарға сай аяқталды. Шақыру жұмысына жауапты мемлекеттік органдармен қатар, білім беру ұйымдары да атсалысты. Колледждерде жастарға әскери қызметтің тәртібі түсіндіріліп, әскери міндет пен азаматтық жауапкершілік туралы ақпарат берілді. 


Бөлісу