Теңбіл тақта тартысы
Қостанайда мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат турнирі өтті. Зияткерлік додаға өңірдің түрлі мемлекеттік мекемелерінде еңбек ететін қызметкерлер қатысты. Жарыстың басты мақсаты – шахматты насихаттап, мемлекеттік қызметшілер арасында белсенді әрі пайдалы демалыс мәдениетін қалыптастыру.
Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қыдырбек Қиысхан бұл жолы әдеттегі қызмет орнынан емес, шахмат турнирінен табылды. Ол әріптестерімен бірге командалық жарысқа қатысып, зияткерлік спорттағы өз шеберлігін көрсетті. Оның айтуынша, шахмат – тек ойын емес, адамды сабыр сақтауға, әр қадамын алдын ала ойлауға және қиын сәтте дұрыс шешім қабылдауға үйрететін зияткерлік спорт.