Негізгі Жаңалықтар Кәсіби шеберлік сыналған байқау

Кәсіби шеберлік сыналған байқау

Санаулы секундтар. Дәл шешім. Дұрыс әрекет. Жедел жәрдем мамандары үшін күнделікті жұмыстың мәні осында. Ал Таразда өткен республикалық байқауда осы кәсіби дағдылар сынға түсті. Қостанайлық фельдшерлер жаңа туған нәрестелерді реанимациялау кезеңінде екінші орын иеленді. Күміс жүлденің артында қандай еңбек жатыр? 

Байқауға ел өңірлерінен 26 команда қатысып, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Тәжікстаннан келген мамандар да бақ сынады. Әр команда үш фельдшерден құралды. Бұл додаға қостанайлықтар тәжірибе мен білімді ұштастыра отырып дайындалған. Облыстық жедел жәрдем станциясында мамандардың біліктілігін арттыруға ерекше мән беріледі. Осындай нәтижеге жетудің бір себебі - олардың кәсіби дайындығына тұрақты көңіл бөлінуі.


Бөлісу