Тіл жанашырларына құрмет көрсетілді
Қостанайда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында «Тіл – рухани қазына» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Кеш Алаш арысының рухына арналған театрландырылған қойылыммен басталып, ұлт ұстазының өнегелі жолын жалғастырған жаңа жобалардың таныстырылымына ұласты. Жиында мемлекеттік тілді дамытуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосқан жоба авторларына арнайы марапаттар табысталды.