Негізгі Жаңалықтар Су желілері жаңарып, жаңа технологиялар енгізілуде

Су желілері жаңарып, жаңа технологиялар енгізілуде

Су жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі – күнделікті тіршілік үшін аса маңызды. Сол себепті Қостанай қаласында су инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары бірнеше бағытта қатар жүргізілуде. Су тазарту технологиясы жетілдіріліп, құбырлардың жай-күйін тексеруге заманауи құрылғылар тартылуда. Ал ескі желілер кезең-кезеңімен жаңасына ауыстырылып келеді. 

Құбырдың сыртқы жағдайын бағалау бір бөлек, ал ішіндегі ақауды анықтау – басқа мәселе. Бұған дейін мұндай тексеріс көбіне қазу жұмыстары арқылы жүргізілсе, қазір бұл жұмысты арнайы робот атқарады. Кәсіпорын 16,7 миллион теңгеге өздігінен жүретін телеинспекциялық құрылғы сатып алды. Ол желінің жай-күйін нақты уақыт режимінде көрсетеді. 


Бөлісу