Судағы сын: жас туристер жарысы
Қостанай облысында жастар арасында су туризмінің техникасынан облыстық жарыс өтіп жатыр. Биылғы бәсеке Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған. Додаға Сарыкөл, Арқалық, Меңдіқара және Қостанай аудандарынан келген оқушылар қатысуда. Олар су туризміне тән техникалық кезеңдерді орындап, арқанды өткел, биіктік және судағы тапсырмаларда өз шеберліктерін көрсетеді. Мұнда дұрыс техникамен қатар, шапшаңдық, төзімділік және командалық үйлесім маңызды.