Негізгі Жаңалықтар Ұзынкөл ауданында 400-ге жуық көл бар

Ұзынкөл ауданында 400-ге жуық көл бар

Айдын-көлдер – табиғаттың сәні ғана емес, тұтас бір экожүйенің тіршілік көзі. Әлемде көлдің түр-түрі бар. Ал ең қызығы – олардың бір жерде орналасуы. Қостанай облысында бір өлкенің аумағында жүздеген көл барын білесіз бе? Ол – Ұзынкөл ауданы. Осыншама көлдің бір өңірде орналасуының сыры неде? 

Әлеуметтік желідегі мына кадрларға тамсанғандар қатары көп. Бірі табиғаттың сұлулығына сүйсінсе, енді бірі мұндай көріністің өзіміздің өңірде барына таң қалған. Шынында да, су айдыны мен көкжиек астасқан көрініс көз тартады. Бірақ бұл сұлулық жайдан-жай қалыптаспаған. Өңірдің табиғи ерекшелігі мен көлдердің көптігі – қаншама замандағы табиғи үдерістердің нәтижесі болса керек.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар