Деректі фильмнің дәні – дәйек
Қостанайда Президент телерадио кешенінің отыз жылдығына арналған деректі фильмдер көрсетілімі өтуде. Екі күнге жоспарланған іс-шара барысында көрермен назарына 4 туынды ұсынылмақ. Фильмдерде ел тарихы, қоғамдағы маңызды оқиғалар, Қазақстанның туристік әлеуеті қамтылған.
Деректі фильм – уақыт үнін сақтайтын жанр. Құжатты кадрлар арқылы ел өміріндегі маңызды оқиғалар, адам тағдыры мен қоғамдағы өзгерістер экранға шығады. Қостанайдағы көрсетілім бағдарламасына тақырыбы әртүрлі төрт фильм енгізілген. Бірі табиғат пен адам тағдырын арқау етсе, енді бірі елдегі өзекті мәселелерді қозғайды.