Отбасылық жанжал бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қостанайда күйеуінің туыстары әйелге күш көрсеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жәбірленушінің айтуынша, бұған дейін де осындай жағдай болып, тәртіп сақшыларына хабарласқанымен, арызы қабылданбаған. Кезекті жанжал үйдің сыртына кір жаюден басталған. Әйелдің сөзінше, күйеуінің туыстары оның үйіне келіп, терезелерін сындырған. Осыдан кейін ол қайтадан полицияға арыз жазып, заң көмегіне жүгінген.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 22 тамыз күні 57 жастағы Қостанай тұрғыны мен оның 24 жастағы келіні арасында отбасылық жанжал болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы жедел жеткен.