400 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бірінші тамыздағы жағдай бойынша елімізде 388 512 адам жұмысқа орналасқан. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жыл бойы жалғасып жатыр.
Жыл басынан бері 293 241 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Олардың басым бөлігі ұзақ мерзімді еңбекпен қамтылды. Тұрақты қызмет азаматтың табысын қалыптастырып, ертеңіне сенімді болуына жағдай жасайды. Ал еңбек шарты ресми түрде жасалған жағдайда, қызметкер заңда көзделген еңбек пен әлеуметтік кепілдіктерді пайдалана алады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Жұмысқа орналасуға көмектесетін цифрлық қызметтердің дамуы да оң әсер етіп отыр. Мәселен, Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, өзіне қолайлы жұмысқа өтініш бере алады. Жұмыс берушілер де қажетті қызметкерді іздей алады. Бұл жүйе жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеп жүрген азаматтардың сұранысын жылдам сәйкестендіруге жағдай жасап отыр. Нәтижесінде адамдарға өзіне лайықты жұмыс табуға көмек көрсетіледі. Азаматтар үшін кәсіби оқыту бағдарламалары мен жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылып жатыр. Бұлай сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, жаңа дағдыларды үйренуге және жұмысқа орналасуға болады.