Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат.
Торғай төсінде талай тарихтың ізі, ұлттың ұлағаты жатыр. Аттан түспеген баба дәстүрі, білектің күшін сынаған ұлттық ойындар - ел жадында сақталған асыл мұра. Бүгінде сол құндылықтарды жаңғыртып, жастардың бойына сіңіруді мақсат еткен «Жүрегімнің дүрсілі – Торғай» атты этно-реалити жобасы - рух пен дәстүрді ұлықтаған аймақтық бастама.
«Жүрегімнің дүрсілі – Торғай» аймақтық этно-реалити жобасы осыдан 16 жыл бұрын басталған. Дәстүрлі жобаның биылғы беташар рәсімін аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жобаның жастар арасында ұлттық құндылықтарға негізделген өңірлік орта қалыптастырудағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты белсенді өмір салтына баулу жобаның негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.