Қостанайда антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді
28 тамыз күні сағат 07:00-ден 16:00-ге дейін Қостанай қаласында антитеррористік оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу Қостанай теміржол вокзалы мен А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы аумағында ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы қауіптерді жоюға дайындығын тексеру.
Қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, тек ресми ақпаратқа сенуге және оқу-жаттығуға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.