Негізгі Жаңалықтар Судағы қауіп: 7 адам қаза болды

Судағы қауіп: 7 адам қаза болды

Шомылу маусымы басталғалы бері Қостанай облысында 7 адам суға кетіп, қаза болды. Өкінішке қарай, олардың төртеуі – балалар. Қайғылы жағдайлардың үшеуі Қостанай ауданында, екеуі Қостанай қаласында, Жангелдин ауданы мен Жітіқарада бір-бір жағдайдан тіркелген. 

Қайғылы жағдайлардың 3-еуінде ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған. Ал 2 адам суға мас күйінде түскен. Тағы 2 жағдайда адамдар өз мүмкіндігін дұрыс бағаламаған. 

Қазір облыста 8 мыңнан астам су айдыны бар. Оның 226-сында шомылуға тыйым салынған. Ал облыс бойынша 25 ресми шомылатын орын белгіленген. Олардың 23-і тексерілді. 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар