Негізгі Жаңалықтар Тұрғын үй төбесіндегі түйткіл

Тұрғын үй төбесіндегі түйткіл

Қостанай қаласының тұрғыны мен пәтер иелері кооперативі арасында баспана шатырын жөндеуге байланысты түсініспеушілік туындады. Тұрғын мәселені өз бетінше шешсе, кооператив өкілдері мұндай жұмыстарды алдын ала келісіп атқару қажеттігін алға тартады. Тараптардың уәжі мен мәселенің қалай шешілетіні туралы тілшіміз айтып береді. 

Қостанай қаласының тұрғыны Ғабит Исмаилов көпқабатты үйдің алтыншы қабатында тұрады. Оның айтуынша, соңғы жылдары пәтеріндегі басты мәселелердің бірі – шатырдан су кетуі. Әсіресе, қар еріп, жаңбыр жауған кезде жағдай қиындайды. Су төбеге және қабырғаларға зиян келтірген. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар