Негізгі Жаңалықтар Мас күйінде көлік басқарған азамат ұсталды

Мас күйінде көлік басқарған азамат ұсталды

Тобыл қаласында 19 жастағы азамат мас күйінде көлік басқарып, жол апатына түсті. Оқиға 22 тамызда тіркелді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, алкогольдік ішімдік ішкен азамат өзі басқарған Lexus көлігін заңсыз иемденген.

Оның екі көлікті зақымдаған сәті көше камераларына түсіп қалған. Қатты соққының нәтижесінде Lexus көлігі аударылып, екінші көліктің сау-тамтығы қалмаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция көлікті заңсыз иемдену және мас күйінде көлік басқару ауыр жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар