Негізгі Жаңалықтар Қостанайда әкімшілік ғимарат өртенді

Қостанайда әкімшілік ғимарат өртенді

Бүгін күні сағат 14:00-де Қостанай қаласындағы Әл-Фараби даңғылы бойында үш қабатты әкімшілік ғимараттың маңында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың сыртқы қаптамасына және үшінші қабаттағы кабинетке тараған, сондай-ақ бірнеше жеңіл автокөлік отқа оранған. 

Өрт аумағы нақтыланып, оны сөндіру барысында облыстық ТЖД қызметкерлері екінші қабатта қалып қойған әйелді құтқарды. Құтқару капюшоны көмегімен ол ғимараттан шығарылып, Төтенше жағдайлар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, ТЖД күштері мен құралдары №2 жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Өртті сөндіруге департаменттен 25 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар оқиға орнында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Төтенше жағдайлар медицинасы орталығының мамандары, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы мен қалалық қызметтер жұмыс істеген. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар