«Мектепке жол» – білімге бастар қадам
Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Осыған орай, Қостанайда «Мектепке жол» акциясы өтті. Ісшара барысында әлеуметтік осал топтағы отбасынан шыққан бірінші сынып оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдары табысталды. Балалар үшін бұл — жаңа кезеңнің бастауы.
Бүгінгі мерекелік іс-шараның басты кейіпкерлері — мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер. Бірі алғашқы сөмкесін қуана арқаласа, енді бірі жаңа оқу құралдарын қызыға тамашалап әлек. Балалардың жүзіндегі қуаныштан олардың мектепке деген қызығушылығы анық байқалады.