Негізгі Жаңалықтар Ішімдік ішкен 14 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Ішімдік ішкен 14 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Облыста жыл басынан бері қоғамдық тәртіпті бұзған мыңдаған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция алкоголь тұтыну, темекі өнімдерін пайдалану және спирттік ішімдіктер сату талаптарын сақтамағандарды анықтады. 


Жыл басынан бері полиция қоғамдық орындарда алкоголь ішкен немесе мас күйде жүрген 14 мың 920 адамды анықтады. Бұл заңсыз әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабына сәйкес қаралады. Темекі өнімдерін заңмен тыйым салынған орындарда тұтынған 420 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың тізімінде қыздырылатын темекі өнімдерін, қор-қорға арналған көмір мен қоспаларды және электронды темекі жүйелерін пайдаланғандар бар. Ал алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзған 330 дүкен иесі қара тізімге енді. Полиция бұл бағыттағы бақылау жұмыстарының жалғасатынын атап өтті.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар