Қостанайлықтар әскери резервке шақырылады
Қостанайдағы 99260 әскери бөлімі әскери резерв қызметіне азаматтарды қабылдай бастады. Үш жылға жасалатын келісімшарт азаматтарға негізгі жұмысын сақтай отырып, әскери әзірліктен өтуге мүмкіндік береді. Яғни резервшілер тұрақты қызметін жалғастырып, белгіленген тәртіппен әскери дайындығын пысықтайды. Бұл үшін оларға жалақы төленеді.