Негізгі Жаңалықтар Ауа сапасы бақылауда

Ауа сапасы бақылауда

Қала ауасының тазалығы тұрғындардың денсаулығы мен жайлылығына тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл мәселе экологтардың жіті бақылауында. Мамандар шаһардың әр бөлігіндегі атмосфера құрамын тұрақты саралап, зиянды заттардың мөлшерін анықтайды. 

Қостанайда ауа сапасын бақылайтын 4 стационарлық бекет бар. Мұнда мамандар күкірт пен азот диоксиді, көміртек тотығы және шаң-тозаң мөлшерін тексереді. Соңғы бес жылда өңірде ауаның ластануы төмен деңгейде сақталған. Дегенмен көлік санының артуы атмосфераға түсетін салмақты арттырып отыр. Ірі кәсіпорындар шығарындыларын бақылау да назардан тыс қалмайды. Бүгінде өндіріс орындарында қоршаған ортаға тарайтын зиянды заттарды автоматты түрде қадағалау жүйелері енгізілуде.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар